RU

Якутияда балет әртісіне найзағай түсіп, мерт болды

Якутияда балет әртісі Василий Кириллин найзағай соққысының салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Д.К.Сивцева атындағы Якутия мемлекеттік опера және балет театрының балетмейстері Суорун Мария Сайдыкулова мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

SakhaLife.ru басылымының мәліметінше, әртіс ауруханаға жетпей көз жұмған.

"Иә, өкінішке орай бұл шындық. Маған оның қалыңдығы хабарлады, – деді Сайдыкулова.

Театр қызметкерлері марқұмның бар болғаны 23 жасында өмірден озғанын жеткізді. Ол театр ұжымымен бірге халықаралық гастрольдерде өнер көрсеткен.

"Ашық-жарқын, қарапайым, еңбекқор, дарынды әртіс Василий Кириллин – ол біздің есімізде осындай адам болып қалады... Оны жерлеу рәсімі туған жерінде өтеді", – делінген театр хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін 16 жастағы ресейлік футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалғанын хабарлаған едік. Оқиға жаттығу уақытында болған.

Алаңда жаттығу жасап жүрген "Знамя Труда" ресейлік клубының 16 жастағы қақпашысы Иван Заборовский найзағай жарқылының астында қалды. Абырой болғанда, спортшы аман қалған. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызып, жасанды комаға қосқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864811-akutiada-balet-rtisine-najzagaj-tsip-mert-boldy/