RU

Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары өмірден өтті

Отставкадағы генерал-майор, қорғаныс министрінің идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі экс-орынбасары, "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әмірбек Төгісов қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары өмірден өтті
Әмірбек Тоғысов. Фото: azattyq.org: UGC

Әмірбек Төгісов 1949 жылы 30 мамырда Алтай өлкесінде дүниеге келген.

Әскери мансабын взвод командирінен бастап, Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары, қорғаныс министрінің идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтеріне дейін атқарған.

Зейнетке шыққаннан кейін қауіпсіздік қызметі департаментінің директоры, содан кейін "Қазақалтын" ТМК басқарушы директоры болды.

Ол сонымен қатар "Әділетті Қазақстан үшін" РҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер болған.

Әмірбек Тоғысовты білетін адамдардың айтуынша, ол коронавируспен ауырған.

Еске салсақ, бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаевтың өмірден өткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864866-korganys-ministrini-bryngy-orynbasary-mirden-tti/