RU

Моңғолияда бубон обасынан жасөспірім көз жұмды

Моңғолияның Говь-Алтай аймағында бубон обасынан 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"ПТР тест нәтижесі 15 жастағы жеткіншектің өліміне бубон обасы себеп болғанын көрсетті", – деqді елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Доржийн Нарангэрэл.

Белгілі болғандай, жасөспірім ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Одан үш күн бұрын ол суыр жеген екен. Аталған жануарлар әдетте обаны тасушы болып табылады. Марқұмның жақындары карантинге алынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

"Тарихи аумақ тұрғысынан алғанда Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы болып тұр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемде ірі қара обасының жағдайын қауіпсіз деп таныды. Барлық елдерде мұндай мәртебе бар",– деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864902-mogoliada-bubon-obasynan-zasspirim-kz-zmdy/