Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан президентін коронавирус үшін жауапқа тартпақшы

Опубликовано:

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің үстінен елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай үшін жауапкершілікке тарту туралы арыз түсірілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті коронавирус үшін жауапқа тартылмақ
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың да жауапқа тартылуы мүмкін екені атап өтілді.

"13 шілдеде азаматша Раушан Айтқұловадан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға және күнделікті өлім-жітімге байланысты жауапқа тарту туралы өтініш келіп түсті. Өтініш прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелген", - делінген хабарламада.

Бұған дейін журналист және "Фатиха" қорының төрайымы Раушан Айтқұлова әлеуметтік желіде ел президентін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін жазған және импичмент жариялау үшін қол жинай бастапты.

Оның айтуынша, петицияға 2,5 мыңнан астам азамат қол қойған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда 11,5 мыңнан астам коронавирус инфекциясы тіркелген, 149 адам инфекциядан қайтыс болды, ал 4 995 адам жазылып шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа сенбей, оны "хайп" деп атаған жігіттің инфекциядан көз жұмғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864945-kyrgyzstan-prezidentin-koronavirus-sin-zauapka-tartpaksy/

pixel