RU

ДДСҰ директоры Қазақстан вируспен күресте дұрыс жолды таңдамағанын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерінің коронавирус індетімен күресін тағы да сынға алды. Халықаралық мекеменің бас директорының сөзінше, көп мемлекет пандемияның алдын алу кезінде дұрыс жолды таңдамаған. Сынға іліккен елдер ішінде Қазақстан да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Instagram
"Егер ұлттық үкімет адам өмірін құтқару және коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың санын азайту мәселесін азаматтарға нақты түсіндірмесе, жағдай одан сайын қиындайды. Көпшілік қол жуу, бетперде тағу секілді ең қарапайым ережелерді сақтамаса, әлдемдік пандемияның одан әрі ушығуына жол ашып береміз", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус.

Халықаралық ұйымның таратқан ақпаратына сәйкес, көптеген елде індет қайта өршігендіктен, бұрынғы шектеу шаралары тағы енгізіліп жатыр. Алайда бірқатар мемлекеттер өзін-өзі оқшаулауға келгенде қауқарсыздық танытып отырған көрінеді.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 64 мыңға жуық адамнан анықталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Кэролайн Кларинваль еліміздегі "белгісіз" пневмонияға қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864960-dds-direktory-kazakstan-viruspen-kreste-drys-zoldy-tadamaganyn-ajtty/