RU

Түрме дәрігерлері өкпесі екі жағынан зақымданған сотталушыны жазып шығарды

Қарағанды ​​облысындағы АК-159/17 мекемесінің дәрігерлерлері туберкулезбен ауыратын түрмедегі науқасты ажал аузынан аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

"Өлім аузында жатқан еді": түрме дәрігерлері өкпесі екі жақты зақымданған қазақстандықты емдеді
Фото: Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД: UGC

Туберкулезден емдеу үшін Қарағанды ​​облысындағы АК-159/17 мекемесіне ауыр халдегі науқас жатқызылған. Ер адам сонымен бірге көп жылдан бері есірткіге тәуелді болған, нәтижесінде оның барлық ішкі мүшелері зардап шегіп, бауыры мен қос бүйрегі нашар жұмыс істей бастаған.

Оның үстіне, ол түрмеде бірнеше рет инфаркт алған, сотталушының жүрек қан айналымы да дұрыс жұмыс істемеген. Сонымен қатар оған өкпенің екі жақты зақымдалуы деген диагноз қойылған. Иммундық жүйесі айтарлықтай әлсірегеннен ер адам тіпті әрең сөйлей алған.

"Өлім аузында жатқан еді": түрме дәрігерлері өкпесі екі жақты зақымданған қазақстандықты емдеді
Фото: Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД: UGC

Өз жағдайына қарамастан сотталған азамат дәрігерлерге сеніп, емделуге келісім берген. 6 айдан кейін ауыл халдегі ер адамның беті бері қараған.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол демеулік фазасында жатыр әрі ауруы айналадағыларға жұқпалы емес.

"Біз науқасты құтқара алғанымызға қуаныштымыз. Бұл өлімге әкелуі мүмкін жағдай еді. Мен коронавирустың осындай қорқынышты эпидемиясы кезінде адамдар туберкулез сияқты қауіпті ауруды да естен шығармағанын қалаймын. Бұл аурудың да өлім статистикасы бар әрі мүгедектікке әкеп соқтырады. БЦЖ екпесінен бас тартпаңыздар", – дейді АК-159/17 мекемесінің фтизиатр дәрігері Валентина Ватихович.
"Өлім аузында жатқан еді": түрме дәрігерлері өкпесі екі жақты зақымданған қазақстандықты емдеді
Фото: Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД: UGC

Сотталған ер адам өз кезегінде ажалдан аман алып қалған медицина қызметкерлеріне алғысын айтты.

"Мен өмірімді сақтап қалған Қарағанды ​​облысындағы ДУИС-тің АК-159/17 мекемесінің дәрігерлері мен медициналық қызметкерлеріне алғысымды айтқым келеді. Мен өзімнің ауруымды мойындап, адамдармен қоштаса бастадым, бірақ ақ халаттағы періштелердің арқасында мен екінші рет дүниеге келдім", – дейді сотталушы.

Айта кету керек, АК 159/17 мекемесі дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Жалпы, онда туберкулез ауруынан 140-тан астам сотталған азамат емделіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865029-lim-auzynda-zatkan-edi-trme-drigerleri-kpesi-eki-zagynan-zakymdangan-sottalusyny-zazyp-sygardy/