RU

Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз елордадан табылды

12 шілде күні Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қызды Нұр-Сұлтан қаласынан тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомствоның хабарлауынша, 16 жасар бойжеткен елордадан аман-сау табылған. Жасөспірім тексерістен соң ата-анасына Көкшетау қаласына жеткізілді. Оған медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болған жоқ.

Zakon.kz сайтының ақпаратына сәйкес, бойжеткенді осы жылдың 12 шілдесінен бастап іздестірген. Ақмола облысының ТЖД жеке құрамы іздеу жұмыстарын барлық жерде жүргізді. Оны тіпті өзі тұратын Көкшетау қаласының маңындағы судан да іздестірді.

Құтқарушылардан бөлек, 16 жасар қызды іздестіру жұмыстарына тәртіп сақшылар жасағы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар да қатысты.

Айта кетейік, Алматыда мемлекеттік нөмірді ұрлап жүргендер тобы әшкереленді. Бостандық ауданының құққықорғау огандары мемлекеттік нөмірлерді ұрлаудың 33 оқиғасына күдікті үш адамда ұстады.

Олар қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев хабарлады.

Сонымен қатар, полиция оңай ақшаны ұнататындардың арбауында кетпеуге және барлық қылмыстық көріністерді, соның ішінде осыған ұқсас фактілерді “102” нөміріне дереу хабарлауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865111-akmola-oblysynda-zogalyp-ketken-16-zasar-kyz-elordadan-tabyldy/