Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда астыртын жұмыс істеген процедуралық кабинет анықталды

Жарияланған күні:

Оңтүстік астанада құрылысы бітпеген ғимаратта ешқандай санитарлық талапты сақтамастан, тұрғындарза ағңсыз екпе салған орын анықталды. Енді астыртын жұмыс істеген процедуралық кабинеттің иелері қомақты айыппұл арқалайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Телеарнаның хабарлауынша, құрылысы бітпеген ғимаратқа кіріп-шығушы адам көп. Өйткені нысанның бірінші қабаты – екпе бөлмесі. Іште науқастарға ем-дом жасауға ешқандай жағдай жасалмаған.

Заңсыз медициналық қызмет көрсетіп отырған орынды тексеруге барған санитарлық дәрігерлер онда қолжуғыш та жоқ екенін, залалсыздандыру заттарын да таппағандарын алға тартты.

Соған қарамастан жергілікті халық ем-шара бөлмесін жаппауды сұрап отыр. Олар қазіргі таңда екпе салатын орынды да, маманды да табу қиын екенін айтуда.

"Мүгедекпін. Біздің бүкіл Саялыда медициналық орталық жоқ. Түсінесіздер ме? Мұны жапса, біз – мүгедектер, қай жаққа, қалаға барамыз ба? Оның бәрі ақша. Халыққа жақсылық істеп жатыр ғой. Міне, сізге айтайын, таңғы алтыдан, кешкі 11-ге дейін жұрт келіп жатыр", – дейді жергілікті тұрғын.

Мамандар мұндай жерде адамдарға екпе салудың аса қауіпті екенін жеткізді. Себебі, ем іздеп келген тұрғындардың қан арқылы инфекция жұқтырып алуы әбден мүмкін.

"Бұл процедуралық кабинетте екпе салынатын болған соң неше түрлі инфекция таралуы мүмкін. Бұл жерде ешқандай эпидемияға қарсы іс-шаралар қолданылмайды. Хаттама толтырылып, бұл нысанның жұмысын тоқтату туралы қаулы шығарылады", – дейді Алатау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Лаура Тойшиева.

Заңсыз жұмыс істеген жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ егу бөлмесінің иелеріне 600 мың теңгеден аса айыппұл салынған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда тапшы дәріні заңсыз сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталғанын хабарлағанбыз.

Жеке тексеру барысында севофлуран, цефтриаксон, меобактрин, альбунорм, неоцитотект, октагам, архимакс, меропенем, годовист және пропофол сияқты 90 шиша дәрі тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865141-almatyda-astyrtyn-zmys-istegen-proceduralyk-kabinet-anyktaldy/