RU

Илон Маск алғаш рет Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең бай 10 адамның тізіміне енді

Tesla мен SpaceX компанияларының басшысы, америкалық кәсіпкер Илон Маск алғаш рет Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдар тізіміне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/elonmusk
Фото: instagram.com/elonmusk: Instagram

Сәйкес ақпарат сәрсенбі күні басылымның сайтында жарияланды.

Қазіргі уақытта америкалық бизнесменнің қаржылық жағдайы 70,8 млрд долларға бағаланып отыр. Forbes журналының мәліметінше, Масктың табысының артуына негізінен Tesla акцияларының күрт өсуі себеп болған.

NASDAQ электрондық биржасының сайтында жарияланған деректерге сәйкес, наурыз айының ортасында компания акцияларының бағасы бір данасына 400 долларды құраған, ал сәрсенбі күні сауда-саттық аяқталған кезде оның бағасы 1541 доллардан асып түскен.

Қазіргі уақытта Forbes басылымы Илон Маскты әлемнің ең бай адамдар тізімінде сегізінші орынға қойған. Бұдан кейін тоғызыншы орынға үндістандық Reliance Industries холдингінің иесі Мукеш Амбани ($68,5) жайғасқан. Ал әлемдегі ең қалталы он адамның тізімін Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж ($67,7 млрд) түйіндейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 2050 жылға қарай Марсқа миллион адам ұшыруды көздеп отырғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865178-ilon-mask-algas-ret-forbes-nskasy-bojynsa-lemni-e-baj-10-adamny-tizimine-endi/