Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолияда тағы бір бала бубон обасын жұқтырды деген күдікпен оқшауланды

Опубликовано:

Бубон обасы Моңғолия аумағында тарап жатыр, онда белгісіз мерзімге карантин жарияланды. Дәрігерлер тағы бір жасөспірімді бубон обасын жұқтырды деген күдікпен оқшаулаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Моңғолияда тағы бір жасөспірім бубон обасын жұқтырды деген күдікпен оқшауланды
Көрнекі фото: Getty Images/ Feng Li / Staff: Depositphotos

Говь-Алтай қаласында 16 жастағы жасөспірім оқшауланды. Дәрігерлер оны бубон обасымен ауырады деп болжап отыр.

Бұған дейін кәмелетке толмаған балада дәл осындай тағы бір жағдай тіркелген болатын. 15 жастағы жасөспірім ауруханаға барар жолда бубон обасынан қайтыс болды. Оның достары мен шамамен тағы 15 адам карантинге жатқызылды.

Марқұмның суыр етін жегені белгілі болған. Дәлірек айтсақ, бірнеше күн бұрын жігіт суырдың етін жеген. Өздеріңіз білетіндей, жабайы кемірушілер, оның ішінде суырлар, сонымен қатар олардағы паразиттер бубон обасының тасушысы болып табылады. Дәрігерлер жергілікті тұрғындарды мұндай еттен, ең болмағанда, карантин кезеңіне бас тартуға шақырады.

Бубон обасы – өте қауіпті жұқпалы ауру. Қазіргі уақытта ол жақсы емделіп, тексеріледі, бірақ қажетті көмек көрсетілмесе, ересек адам 24 сағат ішінде өліп кетуі мүмкін.

Еске сала кетсек, арнайы түсініктеме берген Қазақстандағы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865351-mogoliada-tagy-bir-bala-bubon-obasyn-zktyrdy-degen-kdikpen-oksaulandy/

pixel