Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 36 судьядан коронавирус анықталған

Опубликовано:

Алматы қалалық сотының 36 судьясы мен 33 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Осыған байланысты жұмысшылар 2 тамызға дейін қашықтан жұмыс істейтін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сот отырыстары қазір қашықтан ұйымдастырылуда.

"Алматы қалалық сотының шешімімен коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу үшін 17 шілдеден 2 тамызға дейін судьялар мен сот қызметкерлері үйлерінде оқшауланып, қашықтан штаттық режимде жұмыс істейді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ал мегаполис сотының сот алқалары және аудандық сот төрағалары жұмыс орнында болуға міндеттеледі.

Осы жұмысты атқару үшін ақпараттық тхенологиялар бөліміне судьялар мен қызметкрелердің компьютерлеріне "Төрелік" бағдарламасын орнатуға міндеттеледі.

"Өкінішке қарай, Алматы соттарында 69 адамда коронавирус инфекциясы расталды. Оның ішінде 36 судья мен 33 қызметкер бар", - делінген құзырлы органның хабарламасында.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар 67 мыңға жуықтаған. Олардың 40256-сы жазылып, ауруханадан шықса, 375 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865425-almatyda-36-sudadan-koronavirus-anyktalgan/

pixel