Вирус жұқтырғандар көбейді: Елімізде тағы 1808 адамнан COVID-19 анықталды
Опубликовано:
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1808 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 68703-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда 17 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған адамдар саны 1808-ді құрады. Оның ішінде 913 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді", - делінген ресми хабарламада.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласында - 252 / 115
Алматы қаласында - 229 / 88
Шымкент қаласында - 57 / 30
Ақмола облысында - 42 / 23
Ақтөбе облысында - 51 / 32
Алматы облысында - 68 / 47
Атырау облысында - 177 / 132
Шығыс Қазақстан облысында - 203 / 112
Жамбыл облысында - 149 / 86
Батыс Қазақстан облысында - 109 / 51
Қарағанды облысында - 120 / 44
Қостанай облысында - 51 / 33
Қызылорда облысында - 96 / 31
Маңғыстау облысында - 45 / 29
Павлодар облысында - 72 / 24
Солтүстік Қазақстан облысында - 61 / 28
Түркістан облысында - 26 / 8
Бүгінгі күнге дейін жалпы ел бойынша ауырған науқастар саны - 68703.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865507-virus-zktyrgandar-kbejdi-elimizde-tagy-1808-adamnan-covid-19-anyktaldy/