RU

Шымкентте қатаң шектеу шаралары 3 тамызға дейін күшейтіледі

Шымкентте карантин және қатаң шектеу шаралары туралы қаулы 20 шілдеде күшіне еніп, бұған дейін белгілі болғандай, 3 тамызға дейін созылады. Мұны растайтын құжатқа қаланың бас санитар дәрігері қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте қатаң шектеу шаралары 3 тамызға дейін күшейтіледі
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Twitter

Шымкенттің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысында карантин 20 шілдеден бастап 3 тамызға дейін ұзартылатыны хабарланған.

«Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 20 шілде сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ге дейін қатаң шектеу шаралары және карантин ұзартылсын.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандық әкімдіктеріне, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне:

Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабының, көп қабатты тұрғын үйлердің және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығару және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, дезинфекциялауды, жууды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шараларымен қамтамасыз етуді тапсырамын», - делінген құжат мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865508-symkentte-kata-sekteu-saralary-3-tamyzga-dejin-ksejtiledi/