RU

42 градусқа дейін ысиды: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

18-20 шілде аралығында оңтүстік циклонның шығуына байланысты Қазақстанда күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан ауа температурасы 30-38 градус болып, оңтүстік пен батыста 42 градусқа дейін ысиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42 градусқа дейін ысиды: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Республиканың кейбір аймағында жел күшейіп, соңы шаңды дауылға ұласады",- деп хабарлады синоптиктер.

Өңірлердегі дабылды ескерту

Сенбі күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус ыстық болады деп күтілуде.

18 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанайда 18 шілдеде күн күркіреп, жел соғады деп болжанды. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.

СҚО-да найзағай ойнап, жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Ал Петропавлда 18 шілдеде күндіз ауа райы 35 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.

Мегаполистердегі ауа райы

Синоптиктер Нұр-Сұлтанда демалыс күндері жауын-шашын болмайды деген болжам жасады.

Күндіз 30 градустан 34 градусқа дейін ыстық болып, түнде +17...+20 градус жылы болады.

Ал Алматыда сенбіде күн күркіреп, күндіз ауа температурасы +32...+34, түнде +22...+24 градус болуы мүмкін.

19 шілдеде күн бұлтты болып, күндіз ауа температурасы +30...+32 градус, түнде +20...+22 градус күтілуде.

Шымкентте демалыс күндері күн ашық болады: күндіз ауа температурасы +38...+40 градус, түнде +21...+25 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865520-42-graduska-dejin-ysidy-demalys-knderi-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolady/