Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан Стамғазиевтің туған інісі өмірден өтті (фото)

Опубликовано:

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Рамазан Стамғазиевтің інісі, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерлан Стамғазиев өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ерлан Стамғазиев/Facebook
Фото: Ерлан Стамғазиев/Facebook: Instagram

Қаралы хабарды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жеткізді.

"Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры және ұжымы ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері Рамазан Стамғазиевтің інісі, әнші, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Ерлан Өмірәліұлы Стамғазиевтің дүниеден озуына байланысты қазаға ортақтасып, отбасы, туған-туыстарына көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Амал кітабы оң жағынан ашылсын, Алла алдынан жарылқасын!", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ерлан Стамғазиев 1970 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Көппияз ауылында туған.

  • 1989 жылы Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка колледжін,
  • 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Ерлан Стамғазиевтің жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Еске сала кетсек, осыған дейін қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазының өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865641-ramazan-stamgazievti-tugan-inisi-mirden-tti-foto/

pixel