Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дін аман": Шахановтың орынбасары желіде тараған қауесетке нүкте қойды

Опубликовано:

Белгілі ақын, "Жалын" журналының бас редакторы Мұхтар Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл басшына қатысты желіде тараған қауесетке жауап қатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев: Instagram

Бұл туралы Құдияр Біләл Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Кей ағайындар әлеуметтік желі бетінде: "Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты" деп хабар таратуда. Басын ашып айтайық, жаңсақ хабар. Ағамыз дін аман. Қазір ғана сөйлестік. Сондықтан өтірік ақпарды таратуды тоқтатайық!", - деді Шахановтың "Жалын" журналындағы орынбасары.

Сонымен қатар Құдияр Біләл ақынды мемлекет басшысы өз қамқорлығына алғанын жеткізді.

"Мұхтар Шахановтың атын пайдаланып абырой жинағанды қойыңдар! Ең болмаса ауырып жатқан кезде тыныштық берсеңдерші. Аллаға шүкір, Мұхаңның денсаулығы оңғарылып келеді. Перезидентіміз өз қамқорлығына алды. Соған орай Мұхтар Шаханов денсаулығына шынайы алаңдаушылық білдіріп жатқан барша ағайынға алғыс айтамыз!" - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі ақын, "Жалын" журналының бас редакторы екі өкпесі қабынып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Кейінірек Мұхтар Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Ол басшысының ауырып жатқанын, медицина қызметкерлері тарапынан ерекше жағдай жасалмай отырғанын айтып шағымданған болатын.

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Шаханов 2004 жылдан бері "Жалын" журналында бас редактор қызметін атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865743-din-aman-sahanovty-orynbasary-zelide-taragan-kauesetke-nkte-kojdy/

pixel