42 500 теңге қанша адамға тағайындалды: еңбек министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Бір миллионнан астам адам 42 500 теңгеге өтінім берген, әлеуметтік төлем 880 мың қазақстандыққа тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

20 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 55 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 880 мың адамға тағайындалды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде:

  • 688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 50,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 44,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

  • 688,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 15,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 350,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

МӘСҚ-тан 880 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір миллионнан астам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 5556 теңге мөлшерінде ақша аударылатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865762-42-500-tege-kansa-adamga-tagajyndaldy-ebek-ministrligi-zauap-berdi/

jitsu gif