RU

Лукашенконың ауруханаға түскені рас па: Баспасөз хатшысы пікір білдірді

Беларусьтің бірқатар БАҚ өкілдері мен Telegram-арналары Александр Лукашенконың шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенін жазды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы бұл қауесеттерді жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Александр Лукашенко. Фото: president.gov.by
Александр Лукашенко. Фото: president.gov.by: UGC

Беларусь президентінің "ауруханаға түскенін" "Баста" Telegram-арнасы хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, Лукашенко гипертониялық кризға шалдыққан, соған байланысты президенттік ауруханаға жеткізілген.

Telegram-арнаның мәлімдеуінше, бұл хабарды туысы аталған ауруханада қызмет істейтін оқырмандардың бірі жеткізген.

Оның сөзіне қарағанда, медицина қызметкерлері Лукашенконы жұма күні Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінен кейін кабинетінен алып кеткен. Ал президенттің демалыс күндерге жоспарланған барлық іс-шаралары кейінге шегерілген.

Кейіннен Беларусь президентінің баспасөз хашысы РИА Новости басылымына аталған ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, оның шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко барлық елдерді коронавирус пандемиясына қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырған болатын.

Ол экономикалық себептер бойынша карантин енгізбеу туралы шешімін түсіндіріп, әлемдегі коронавирус пандемиясы айналасындағы жағдайды бірнеше рет "психоз" деп атаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865786-lukasenkony-auruhanaga-tskeni-ras-pa-baspasz-hatsysy-pikir-bildirdi/