RU

"Қоғам енді оянды": Мақсат Толықбай қазақша сөйлеуді талап еткен Балаеваны қолдады

Отандық танымал журналист Мақсат Толықбай шенеуніктерге баяндамаларын қазақ тілінде жасауды талап еткен ақпарат министрі Аида Балаеваға қолдау білдірді. Ол саясаткердің бұл үндеуі орынды екенін алға тартып, оның ана тіліне қатысты айтқан пікірімен толықтай келісетінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/maksattolykbai.
Фото: Instagram/maksattolykbai.: Instagram

Мақсат Толықбай бүгінде қазақ тілінің мәселесі орнынан қозғала бастағанын атап өтті.

Белгілі тележүргізуші бүгінде қазақ тілді контенттің үлесі 70%-ға жеткені де үлкен жетістік екенін айтты.

Ол министрлік басшысына Instagram парақшасы арқылы қолдау білдірген.

"Заман өзгерді. 30 жыл көндігіп келген қоғам оянды. Қазақ тілді контенттің үлесі 70 пайызға жетті.

Бір байқағаным, қазір маған десе мың жерден мықты менеджер болса да, мемлекеттік тілде айтар ойын, баяндамасын еркін, анық, түсінікті етіп жеткізе алмайтын шенеуніктің халыққа жағамын деп тыраштануы бос әурешілдік.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның "жұмысты орыс тілінде жүргізгендіктен ел түсінбей жатыр, баяндамашыларға қазақ тілінде сөйлеу керек" деп ескерту жасағаны ұнады. Бірақ біздің шенеуніктердің ескертуді елей қоюы қиын. Талап ететін кез келді. Аида Ғалымқызы, осы бетіңізден таймаңыз. Қолдаймыз" , - деп жазды Мақсат Толықбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865787-kogam-endi-oandy-maksat-tolykbaj-kazaksa-sjleudi-talap-etken-balaevany-koldady/