Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан сақтану үшін бетперденің қай түрін таққан дұрыс

Опубликовано:

Жаһанды жаулаған коронавирус сән әлеміне де әсер етуде. Қазір ел ішінде сәнді бетперделер мен хош иісті антисептиктерге сұраныс күн санап артып келеді. Әсіресе түрлі матадан тігілген, бағалы әшекей бұйымдармен безендірілген маскалар жылдам өтетін болған. Әйтсе де отандық дәрігерлер бетпердені сән үшін емес кеселден қорғану мақсатында таққан абзал дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

COVID-19 індеті таралғалы берде дүниежүзілік сәнгерлер ғана емес отандық сәнгерлер түрлі бетперделер жасап шығара бастаған.

Сәнді маскаларды жұрт бір-бірінен қалмай жаппай алып жатыр. Тіпті үстіндегі киіміне сай түсін де өзгертіп тағатындары бар екен. Белгілі дизайнер Жарқын Баймахановта тұтынушыларым көбіне түрлі-түсті маскалар сұрап келетінін айтады.  

"Бетперде тігуді біз осыдан 3-4 ай бұрын қолға алдық. Себебі сол уақытта елде карантин басталып, дәріханаларда маска тапшылығы болып жатты. Осы уақытқа дейін 100-ден аса бетпердеміз сатылды. Өте ыңғайлы. Жуып, қайта қолдана беруге болады", - дейді ол.

Дизайнердің қолынан шыққан бетперделердің қарапайым маскадан айырмашылығы жұмсақ матадан тігілгендігінде. Сәнді бұйымның құны шамамен 1000 теңге. Ал оны дайындауға бір-бір жарым сағат уақыт кететін көрінеді.

Дегенмен отандық дәрігерлер бетпердені сән үшін емес вирустан қорғану мақсатында таққан жөн екенін айтады.

"Қазір полимерлі масканы қолданғанды жөн деп санаймыз. Өйткені полимерлі мата бактерияларды сүзгіштігі жағынан өте жақсы. Осы полимерлі масканың өзін тағу әдісін көптігіміз білмейміз. Көк жағын сыртқа, ақ жағын ішке сақтау керек. Көк жағында масканың бактерияларды ұстап қалатын қасиеті бар. Қолдан жасалған маскаларды мен құптамаймын", - дейді терапевт-эндокринолог Дария Мамыраимова.

Ә. Лесбек

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев көшеде маскасыз жүргендерге айыппұл салудың заңдылығы туралы айтқан еді.

Сонымен қатар Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин медициналық бетперде тақпаған азаматтарға қанша айыппұл салынатынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865857-koronavirustan-saktanu-sin-betperdeni-kaj-trin-takkan-drys/

pixel