RU

Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі тағы ұзартылды

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ БҒМ Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.

Грантқа құжаттарды екі жолмен тапсыруға болады:

Біріншісі eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар БҒМ Telegram парақшасында көрсетілген);

Екінші жолы ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі)

Министрліктің мәліметінше, конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрлігі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімін 25 шілдеге дейін ұзартқанын хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде 21 маусым мен 1 шілде аралығында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865859-bilim-beru-granttaryna-katysu-sin-tinisterdi-tapsyru-merzimi-tagy-zartyldy/