Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оксфорд ғалымдары COVID-19-ға қарсы вакцинасының алғашқы сынағы сәтті аяқталғанын хабарлады

Опубликовано:

Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинасының алғашқы сынағы сәтті аяқталғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Азатыққа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Зерттеушілердің сөзінше, сынаққа қатысқан жүздеген адамда коронавирусқа қарсы антидене мен Т-лимфоциттер пайда болған. Зерттеу жайлы 20 шілдеде танымал Lаncet медициналық журналы жариялады.

Халықаралық басылымдар AZD1222 деп аталатын вакцина үлкен үміт сыйлайтынын жазып жатыр. Вакцинаның пайдасы толық дәлелдену үшін сынақ әлі жалғасады. Ғалымдар вакцинаны ОАР, АҚШ, Бразилияда мыңдаған адамға екпек. Ғалымдар вакцина сынағын сәуірде Ұлыбританияда қолға алған еді.

Вакцина дайындауға қатысқан ғалымдардың бірі Адриан Хилл AP агенттігіне сынаққа қатысқан мыңнан астам адамда коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болғанын айтқан. Хиллдің сөзінше, вакцина сәтті сынақтан өтсе, Оксфорд университеті дәрі-дәрмек жасайтын AstraZeneca компаниясымен бірге 2 млрд доза екпе дайындауға дайын.

BBC сайтының жазуынша, вакцина сынағына қатысқан адамдардың 70 пайызында бас ауруы және қызу көтерілу байқалған. Ғалымдардың сөзінше, бұл әсерді парацетамолмен басуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы әлемде COVID-19-ге қарсы 141 вакцина жасалып жатқанын мәлім еткен болатын.

Сонымен қатар медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында қызмет еткен Мақсұт Құлжанов коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қашан пайда болуы мүмкін екенін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865862-oksford-universiteti-covid-19-ga-karsy-vakcinasyny-algasky-synagy-stti-aaktalganyn-habarlady/

pixel