RU

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 73 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 1630 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 745 тасушы тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 73468-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 73 мыңнан асты
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Өткен тәулікте статистика.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 248 / 134

Алматы қаласы - 251 / 113

Шымкент қаласы - 27 / 17

Ақмола облысы - 53 / 27

Ақтөбе облысы - 17 / 10

Алматы облысы - 54 / 41

Атырау облысы - 96 / 53

Шығыс Қазақстан облысы - 163 / 92

Жамбыл облысы - 61 / 37

Батыс Қазақстан облысы - 103 / 47

Қарағанды облысы - 168 / 77

Қостанай облысы - 57 / 26

Қызылорда облысы - 119 / 32

Маңғыстау облысы - 54 / 14

Павлодар облысы - 67 / 12

Солтүстік Қазақстан облысы - 72 / 2

Түркістан облысы - 20 / 11.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен демалыс күндері 121 адамның коронавирус инфекциясынан көз жұмған. Жалпы елде COVID-19-дан қайтыс болғандар қазіргі уақытта 585-ке жеткен.

Сонымен қатар, республика бойынша 45376 адамның коронавирусты жеңіп, ауруханадан шыққан.

Сондай-ақ, коронавируспен күресу үшін ресейлік дәрігерлердің екінші тобы Қазақстанға аттанғаны белгілі болды. Мәскеу қаласының 15 медицина қызметкерлерінен құралған топ Қостанай облысының жергілікті мамандарына коронавирус жұқтырған пациенттерді емдеуде көмек көрсетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865891-elde-koronavirus-zktyrgandar-sany-73-mynan-asty/