Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өз үйінде дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан әйел ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысында тәртіп сақшылары өз үйінен заңсыз ем қабылдау бөлмесін ашып, дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан әйелді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ресми порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысында өз үйінде дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан әйелді ұстады
Фото: polisia.kz: UGC

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Келес ауданы тұрғынының заңсыз әрекетінің жолы кесілген.

Құқық қорғау органдары күдіктіден дәрі-дәрмектің 28 түрінің 300-ден астам қаптамасын тәркілеген.

"Келес АПБ-нің және аудан прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп, қымбат бағада, заңсыз дәрі-дәрмек сатудың алдын алу, болдырмау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында, Ынтымақ ауылының тұрғыны анықталды. Ол үйінен заңсыз, стандартқа сай емес, лицензиясы жоқ ем қабылдау бөлмесін өздігінен ашып алып, келген науқастарға жоғары бағада дәрі-дәрмек препараттарын сатып, онымен қоса егіп беру кезінде ұсталды. 

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, анықталған заңсыз ем қабылдау орнынан айғақтық зат ретінде 28 түрлі дәрі-дәрмектердің 311 қорабын, 50 дана система, 100 дана шприц, 36 дана бетперде, 10 дана мақта тәркілеп алды. Тергеу барысында тұрғын дәрі-дәрмек препараттарын қымбат бағада сатқанын мойындады", - деп хабарланды полиция департаментінде.

Аталған жайт Келес АПБ-не тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігіне бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасына жолданды.

Жалпы Түркістан облысы полицейлері Президент Қ.Ж.Тоқаевтың заңсыз дәрі сату жайттарын анықтауға байланысты тапсырмасын орындау мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнге дейін облыс полицейлері заңсыз үстеме бағамен дәрі сатудың 25 жайтын анықтап, 2000-ға жуық дәрі-дәрмектерді тәркілеп алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырауда емхана басшысының парацетамолды 10 есе қымбатқа сатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865896-trkistan-oblysynda-z-jinde-dri-drmekti-kymbat-bagada-satkan-jel-staldy/

pixel