RU

Көбейтұз көлін полиция күзете бастады

Ақмола облысындағы ерекше қызғылт көлдегі демалушының әрекеті әлеуметтік желідегілердің ашуына тиді. Ол тұзды суға көлікпе кірген. Аталмыш суретпен куәгерлер желіде бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біздей жабыларды кешір": Көбейтұз көлін полиция күзете бастады
Фото: facebook.com/Yerlan Sakenov: UGC

Жол талғамайтын көліктің фотосы Facebook-тегі "Астана, что, где, когда?" парақшасында пайда болды.

Суретте көлге кіріп бара жатқан қара джип бейнеленген. Жол талғамайтын көлік жүргізушісінің бұл әрекеті қолданушылары наразылығын білдірді. Әлеуметтік желідегілер мұны табиғатты қорлау деп, суреттегі демалушыларды жабайыға теңеді.

"Көбейтұз, біздей жабайыларды кешір! Сені қорғамай жүргеніміз үшін кешір!", – деп Yerlan Sakenov есімді қолданушы пікір қалдырған.

Полицейлердің айтуынша, азаматтардың көп келуіне байланысты бірегей көлді бүгіннен бастап үш мобильді полиция бекеті қорғайтын болады. Тәртіп сақшылары аумаққа кіріп-шыққандардың барлығын қадағалап отырады.

Көбейтұзға апаратын екі жолға арнайы бекеттер қойылған. Кезекші тәртіп сақшылары тыйым салынған аумаққа кіріп-шығуды бақылайды.

Полиция экипаждары, сонымен қатар, көлдің жағалауында қосымша бақылаулар жүргізуде. Ведомство бірнеше күн ішінде түрлі заң бұзушылықтарды анықтап, 30-дан астам азамат жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Мұнда тек полиция қызметкерлері ғана емес, СЭС пен әкімдік қызметкерлері де жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұзақылық әрекеттердің алдын алу үшін көлдің айналасында жасанды кедергілер қойылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан "Көбейтұз", "Кұрбет", "Теңіз", "Қоржынкөл" және басқа да көлдерге баруға тыйым салынғанын хабарлаған едік. Бұл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865936-kbejtz-klin-policia-kzete-bastady/