RU

Алик Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығына үндеу жасады

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отырысында Алик Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" жаңа тағайындалған басшылығына үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Агенттік басшысының сөзінше, халық COVID-19 инфекциясына қатысты қиын ахуалдың себебі жемқорлық деп есептейді.

Антикор басшысы "СҚ-Фармация" жаңа басшылығына үндеу жасады
Алик Шпекбаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Шпекбаев қазақстандықтар әлеуметтік желіде жемқорлыққа, шенеуніктердің жауапсыздығы мен бюрократияға шағымданып жатқанын айтады. Көпшіліктің пікірінше, бұл елдегі коронавирус эпидемиясының қиын жағдайын қалыптастырып отыр.

Агенттік басшысы "СҚ-Фармация" мен медициналық сақтандыру қорындағы, сондай-ақ, басқа да медициналық ұйымдардағы қылмыстық істерді есепке ала отырып, халық пікірі дұрыс деп есептейді.

Оның пікірінше, "СҚ-Фармацияға" ұйымды барынша айқын көрсету үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін шұғыл түрде талдау қажет. Шпекбаев бұл жаңа басшылық үшін антикорға қарағанда маңызды деп үміттенеді.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында "СҚ-Фармация" аясындағы "топтық мүделлерге" қатысты мәселе көтерген еді.

"СК-Фармация" қандай ұйым, онда кім жұмыс істейді? Олар неге үнемі сенімді ақтамайды? Бұл ұйым жайлы соңғы 15 жыл бойы естіп жүрмін. Барлығы сонда жұмыс істегісі келеді. Ұйым айналасында топтық мүдделер байқалады. Не істемекшісіздер?",- деген еді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865970-alik-spekbaev-sk-farmaciany-zaa-bassylygyna-ndeu-zasady/