RU

Қазақстанда шенеуніктерге шетелден шот ашуға тыйым салынбақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев Қазақстандағы жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстарын жеткізді – олардың арасында жергілікті шенеуніктерге шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салу шарасы қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: ТАСС / Денис Вышинский
Көрнекі фото: ТАСС / Денис Вышинский: Facebook

Шпекбаевтың айтуынша, агенттік тарапынан мемлекет басшысына бірқатар ұсыныстар жіберілген – сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейту, қазақстандық шенеуніктерге шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салу, заңда пара беруге уәделескен үшін жаза белгілеу.

Агенттік басшысының пікірінше, ел экономикасындағы жемқорлық деңгейі әлі де жоғары. Бұл салада мемлекеттің айтарлықтай үлесі болғандықтан, көбіне мемлекеттік кәсіпорындардың шенеуніктері жемқорлыққа жол беруде.

Ол бизнестің мемлекеттен барынша тәуелсіз болып, қолайлы ортада жұмыс істеуі тиіс екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің жоғары лауазымды екі шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865972-kazakstanda-seneunikterge-setelden-sot-asuga-tyjym-salynbak/