RU

Түркістанда жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді полиция жазалады (видео)

Әлеуметтік желілерде көшенің қақ ортасында жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, жүгенсіз жүрген бірнеше автокөліктер бейнеленген видео тараған болатын. Полиция заң бұзушыларды тауып, оларды жауапкершілікке тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда белгісіз біреулер жол жүру ережелерін өрескел бұзған (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Тексеру барысында оқиғаның Түркістан қаласындағы Түркістан - Шымкент айналма тас жолы бойында орын алғаны анықталды.

Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нәтижесінде, “Toyota Camry” жүргізушісіне қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша: ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі (сақтандыру белгісі), 590-бабы 2-бөлігі (ГРНЗ тақпаған) және 595-бабы 1-бөлімі (маневр жасау қағидаларын бұзу), 593-бабы 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау), 596-бабы 3-бөлігі (қарсы бағытқа шығу) бес хаттама толтырылды.

Ал, “Audi” маркалы көліктің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау ) бойынша кінәлі деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Атырау-Орал тас жолында Toyota Camry маркалы жеңіл көлігінің аударылып, оқиға орнында екі адамның мерт болғанын хабарлағанбыз. Ал ауруханаға жеткізілген жүргізуші мен жолаушы медициналық мекемеде ажал құшты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865979-trkistanda-zol-zru-erezesin-reskel-bzgan-zrgizusilerdi-policia-zazalady-video/