RU

Министрлік: Қазақстанда коронавирустан бірде-бір бала көз жұмған жоқ

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиниятқызы елімізде қазіргі кезде 8 мыңға жуық адам ауруханаларда пневмониядан ем алып жатқанын мәлім етті. Олардың арасында 100-ден астам бала бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Ажар Ғиниятқызының айтуынша, балалар арасында коронавирус инфекциясынан балалардың өлім-жітімі тіркелмеген.

"Қазіргі уақытта ел ауруханаларында 8 мыңға жуық адам пневмониямен ауырып жатыр. Ал мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір 100-ден астам бала ауруханаларда. Алайда, балалар коронавирустың өте жеңіл түрімен ауырады. Елімізде коронавирустан балалар өлім-жітімі болған жоқ", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Өткен тәулікте елде 1630 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 745 тасушы тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 73468-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, бүгін денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске тағы 42 млрд екенін қажет екенін айтқан еді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ведомство басшысы мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865994-ministrlik-kazakstanda-koronavirustan-birde-bir-bala-kz-zmgan-zok/