RU

Денсаулық министрлігі коронавирусты емдемейтін дәрілерді алып тастады

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиниятқызы коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасының қалай өзгергенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті.

"COVID-19 – жаңа инфекция. Әлем бойынша ғалымдар осы вирустан емделудің тиімді тәсілдерін іздеп жатыр. Бүгінде нақты бір емдеу әдісі жоқ. Сондықтан отандық ғалымдар мен клиницистер әлемдік тәжірибені зеттеп, клиникалық хаттамаға озық әдістерді енгізіп тұрады", - деді Ажар Ғиниятқызы.

Оның сөзінше, 15 шілде күні бірлескен комиссия коронавирус инфекциясын емдеудің хаттамасының 10-шы редакциясына өзгеріс енгізген. Дәрігерлер "Лопинавир" мен "Гидроксихлорохин" сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдады. Өйткені, шетелдік ғалымдар осы дәрі-дәрмекті коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген. 

"Әлем бойынша дәрігерлер ВИЧ-ке қарсы препараттарды да, гепатитке қарсы дәрі-дәрмекті де қолданып көрген. Енді, бүгін "Ремдесивир" мен "Фавипиравир" коронавирус инфекцияның ауыр жағдайы болғанда көмектеседі деген ақпарат бар. Сондықтар дәл осы препараттар клиникалық хаттамаға енгізілген болатын", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары. 

Өткен тәулікте елде 1630 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 745 тасушы тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 73468-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, бүгін денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске тағы 42 млрд екенін қажет екенін айтқан еді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ведомство басшысы мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866003-densaulyk-ministrligi-koronavirusty-emdemejtin-drilerdi-alyp-tastady/