RU

Қауіпті індеттен елімізде қанша жүкті әйел қайтыс болғаны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиниятқызы коронавирус инфекциясынан көз жұмған жүкті әйелдердің санын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті.

"Бізде коронавирус инфекциясынан көз жұмған бала тіркелмеді. Сәби шетінемеді. Алайда жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болғандар бар. 40 адамдай көз жұмды", - деді Ажар Ғиниятқызы.

Оның айтуынша, балалар арасында коронавирус инфекциясынан балалардың өлім-жітімі тіркелмеген.

"Қазіргі уақытта ел ауруханаларында 8 мыңға жуық адам пневмониямен ауырып жатыр. Ал мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір 100-ден астам бала ауруханаларда. Алайда, балалар коронавирустың өте жеңіл түрімен ауырады. Елімізде коронавирустан балалар өлім-жітімі болған жоқ", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Өткен тәулікте елде 1630 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 745 тасушы тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 73468-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, бүгін денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске тағы 42 млрд екенін қажет екенін айтқан еді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ведомство басшысы мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866009-kauipti-indetten-elimizde-kansa-zkti-jel-kajtys-bolgany-belgili-boldy/