Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nova City-19 тұрғын үй кешені жанынан мектеп салынады

Опубликовано:

Жалпы білім беру мекемесінің құрылысына арнайы учаске бөлінген. Жобаны іске асыру мерзімін мемлекеттік органдардан анықтауға болады. Бұл нысанның өзектілігі туралы айтпасақ та түсінікті. Өйткені, аудан бірнеше жыл ішінде өсіп, онда халық тығыз орналасты. Осы айда тұрғын үй массиві тағы бір – Nova City-19 кезегімен толықты.

Nova City-19 тұрғын үй кешені жанынан мектеп салынады

Кешен компанияның жеке "Монтажник" ҮҚК зауытының материалдарынан ірі панельді үй құрылысы технологиясы бойынша салынған. Ғимарат алаңға LEGO конструкторы сияқты жиналған. Зауыт жағдайындағы шығарылым жақсы сапаға, жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие. Сондай-ақ, ауа-райынының тосын сыйларының кез келгеніне төтеп бере алады. Бұл кеңес дәуіріндегі емес, керісінше, мүлдем басқа панельді үйлер. Кешен қызықты сәулетімен ерекшеленеді. Тұрғын жапсарлас қабатты: екі кіреберіс – 9, үшеуі – 12 деңгейлі. Әрбір қабатта 4-тен 6-ға дейін пәтер орналасқан.

Nova City-19 тұрғын үй кешені жанынан мектеп салынады
"Пандемия мен карантинге байланысты материалдарды жеткізуде, адамдардың жұмысқа шығуында қиындықтар туындады. Жоба командасы туындаған жағдайдың ушықпауы үшін барлық қолдан келген мүмкіндікті жасады. Кешен келісім-шарт бойынша 2020 жылдың мамыр айында тапсырылуы тиіс болатын, бірақ біз құрылысты мерзімінде аяқтай алмадық. Сондықтан, клиенттерден кешірім сұраймыз", - дейді жоба жетекшісі Шохан Ибраев.

Nova City-19 тұрғын үй кешені жанынан мектеп салынады

Айта кететіні, клиенттердің көпшілігі туындаған жағдайға түсіністікпен қарады. Өйткені, мұндай пандемияны әлем әлі көрген жоқ.

"Nova City кешенді тапсыратынына сенімді болдым. Бұл брендтің қарқынды дамып жатқандығына куәмін. Өзім 14-ші кезекте тұрамын. 16-шы кезектің құрылысы басталғанын естіп, бірден инвестиция салуды ұйғардым. Мұнда әрбір кіреберісте екі лифт бар. Сондай-ақ, алаңдағы пәтерлер саны аз", - дейді Қарлығаш Баянова.
Nova City-19 тұрғын үй кешені жанынан мектеп салынады

Жоғары сенімнің тағы бір көрсеткіші – үйдің таза әрлеуіне тапсырыс берушілер санының артуы. 27 адам SmartRemont-ті таңдаса, 36 клиент "Элит Арнаумен " бірге пәтерлерінің әрлеу жұмыстарын жүргізеді.

Nova City-19 тұрғын үй кешені жанынан мектеп салынады

Жаңа кезекте аулаға көлік кірмейтін болады. Тұрақ орындары тұрғын үй кешенінің айналасында орналасқан. Ал аула іші кішкентай және ересек клиенттердің дамуы мен бос уақыты үшін берілген. Күзде құрылысшылар ірі ағаштар: қайың, үйеңкі, мойыл отырғызу үшін қайта оралады. Берілген тұрғын үй кешенінде әлі екі бөлмелі студиялар мен үш бөлмелі пәтерлер бар. Толығырақ Nova City сату бөлімінен немесе 340 байланыс нөмері арқылы білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866016-nova-city-19-trgyn-j-keseni-zanynan-mektep-salynady/

pixel