RU

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін: Цой жауап берді

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болу мүмкіндігі жайында сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Журналистер Алексей Цойдан елімізде алдағы күз мезгілінде пандемияның екінші толқыны болуы қаншалықты ықтимал екенін сұрады.

Өз кезегінде ведомство басшысы бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақталғанын атап өтті.

"Әлемнің барлық елдері секілді біз де күзгі-қысқы кезеңде аурудың өсімін болжап отырмыз. Сондықтан да қазір біздің міндетіміз – денсаулық сақтау жүйесін дайындау", – деді министр.

Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны биылғы қыркүйек-қазан айларында тұмау мен ӨРВИ-дің эпидемиологиялық маусымына тұспа-тұс келуі мүмкін. Барлығы сол кезеңдегі ауа райына байланысты болмақ.

Осыған орай денсаулық сақтау ведомствосы суық тию ауруларының өсіміне дайындалуда. Министр барлық ресурстардың ауруханалардағы төсек орындарды көбейтуге, оларды ӨЖЖ аппараттарымен жабдықтауға және жедел жәрдем бригадаларының жүктемесін азайтуға бағытталғанын жеткізді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанның қай мемлекеттерден коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуды жоспарлайтынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866023-kazakstanda-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-kasan-boluy-mmkin-coj-zauap-berdi/