Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрі төрт есеге қымбаттаған": Ақтөбелік прокурорлар дәріхана аралап жүр

Опубликовано:

Ақтөбелік прокурорлар өңірдегі дәріханаларға рейд жасауды бастады. Құзырлы орган өкілдері президент тапсырмасынан кейін дәрі бағасын негізсіз көтергендерді әкімшілік жауапқа тартып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Рейд кезінде кәсіпкерлердің елде індет тараған кезде емге қажетті дәрілерді төрт есеге дейін қымбаттатып жібергені анықталған.

"Бізге хабарласқан Ақтөбе қаласының тұрғыны "ЭКО+" дәріханасынан "гепарен" дәрісін 16 500 теңгеге алған. Бұл дәрінің белгіленген бағасы 4293 теңге. Дәрі бағасының негізсіз төрт есеге өсіргені анықталып тұр. Осы жағдайға байланысты әкімшілік жауапқа тарту үшін материал дайындалып жатыр. Тек Астана ауданы бойынша 25 материал дайындалды",- дейді Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Тайланова.

Прокурорлар шекті бағасы белгіленген  6190  дәрі-дәрмектің тізімі бойынша әлі де тексеру жүргізетін болады.

Ал дәріхана қызметкерлері тұрғындар тарапынан қызу түсіретін дәрілерге әлі де сұраныс жоғары екенін айтты.

"Антигриппин, ибуфенге сұраныс жоғары. Аспирин дәріханаға түскен бойдан өтіп кетеді. Антибиотиктерді дәрігер нұсқамасымен береміз. Бұл жерде біз сатушымыз. Дәрі бізге көрсетілген бағамен сатылады. Қосып сатып, ақша тауып жатқан жоқпыз",- дейді дәріхана қызметкері Ақмарал Қанаш. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866027-dri-trt-esege-kymbattagan-aktbelik-prokurorlar-drihana-aralap-zr/

pixel