RU

Денсаулық сақтау министрлігі карантинді бәсеңдету бойынша жоспар құруда

Денсаулық сақтау министрі онлайн-брифинг барысында ведомстовның елдегі карантин шараларын жеңілдету бойынша жоспар дайындап жатқанын мәлім етті. Айтуынша, карантин алынғаннан кейін аурудың өсіміне жол бермейтін қадамдар пысықталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Алексей Цой атап өткендей, денсаулық сақтау министрлігі елдегі ауруға шалдығу көрсеткіші бойынша қыркүйектің басына тым пессимистік болжам жасаған – күніне 2 500 азамат ауруханаларға жеткізіледі деп күтілген.

Бүгінде бұл сан 1600-1700-дің айналасында – министрдің пікірінше, бұл көрсеткіштер «жаман емес». Мұндай көрсеткіштер қыркүйек айына арналған пессимистік болжамдардың орындалмайтынына сенім береді.

"Біз үшін маңыздысы – шектеу шаралары алынғаннан кейінгі жағдай", – деді Цой.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігі елді карантиннен шығару бойынша жоспар құруда.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін екенін айтып берді.

Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, коронавирустың екінші толқыны биылғы қыркүйек-қазан айларында тұмау мен ӨРВИ-дің эпидемиологиялық маусымына тұспа-тұс келуі мүмкін. Барлығы сол кезеңдегі ауа райына байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866036-densaulyk-saktau-ministrligi-karantindi-bsedetu-bojynsa-zospar-kruda/