RU

"Мемлекетке елеулі көмек болмақ": министр қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында қазақстандықтарға үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой. Фото: ОКҚ
Алексей Цой. Фото: ОКҚ: UGC

Ведомстово басшысы ел азаматтарынан денсаулық сақтау жүйесіне көмектесулерін сұрады. Бұл қиын емес – бар болғаны өз денсаулығыңызды күтіп, қолды антисептикпен жуып, көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек.

Бұған қоса, министр қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылданып, иммунитетті нығайтуға шақырды.

"Бұл – мемлекетке, өзімізге, балаларымыз бен жақындарымызға елеулі көмек болмақ", – деді Цой.

Сондай-ақ ол әр қазақстандықтың өз денсаулығын күтіп, санитарлық дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асып жүрсе, еліміз инфекцияны жеңе алатынына сенім білдірді.

"Біз инфекцияны жеңіп, бұл кезеңнен аман-есен өтеміз деп ойлаймын", – деп түйіндеді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі онлайн-брифинг барысында ведомстовның елдегі карантин шараларын жеңілдету бойынша жоспар дайындап жатқанын хабарлаған еді. Айтуынша, карантин алынғаннан кейін аурудың өсіміне жол бермейтін қадамдар пысықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866043-memleketke-eleuli-kmek-bolmak-ministr-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/