RU

Елорда тұрғыны әкесін аман алып қалған дәрігерлерге алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан тұрғыны медицина қызметкерлеріне әкесінің өмірін сақтап қалғаны үшін алғысын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оразғали Абраиымов. Фото: astana.gov.kz
Оразғали Абраиымов. Фото: astana.gov.kz: Facebook

Галия Абраимова "Фейсбук" парақшасында дәрігерлердің әкесінің өмірі үшін қалай күрескенін айтып берді.

"Сіздер күн сайын адам жанына араша боласыздар! Менің әкем ауруға шалдығып, хаттамаға сәйкес үйде 11 күн емделсе де, жағдайы жақсармады. Стационарлық емдеу туралы теріс пікірлерді оқығаннан кейін ауруханаға барудан қорықтық. Бірақ іс жүзінде біздің дәрігерлердің керемет екеніне көзіміз жетті. Талдаудың барлық нәтижелерін зерделеп, бізден ауруханаға жатқызуды талап етіп, уақытылы медициналық көмек көрсетті", – деп жазды ол.

Әкесі Оразғали Абраиымовтың айтуынша, емдеуші дәрігер мен бөлім меңгерушісі оны күн сайын тексеріп, денсаулығының жай-күйін қадағалап, ем-дом шараларын тағайындаған, сонымен қатар, науқас үшін өте маңызды психологиялық көмек көрсеткен.

"Мен өз атымнан және әкем Абраимов Оразғали Чакербекұлы атынан №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ШЖҚ МКК ұжымына: бөлім меңгерушісі Нуртазина Гульмира Гусмауленовнаға, емдеуші дәрігер Құттыбек Гаухар Дүйсенқызына, сонымен қатар кіші медициналық қызметкерлер Мұсахметова Нұрбану, Ахметова Гулайра, Байкенова Меруертке қажырлы еңбегі үшін ризашылығымды білдіргім келеді! Қазір әр науқастың өмірі үшін нақты күрес жүріп жатыр деп ойлаймын. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық тілеймін! Әкем білікті дәрігерлердің арқасында аман қалды! Үлкен рахмет айтап отырып, еңбектеріңізге тағзым етемін!" – деді Галия Абраимова.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында қазақстандықтарға үндеу жасап, денсаулық сақтау жүйесіне көмектесулерін сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866046-elorda-trgyny-kesin-aman-alyp-kalgan-drigerlerge-algys-bildirdi/