RU

Әлемде 15 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

Соңғы деректерге сәйкес, әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15 миллионнан астам дерегі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Worldometer порталының мәліметінше, инфекциядан жазылып шыққандар саны 9,1 миллионнан асқан, 618,4 мың адам вирустан көз жұмды.

Ауру жұқтырғандар және қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында – Бразилия.

Ал көршілес Ресейде өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 5 842 дерегі тіркелді. Жалпы, елде 783 328 адамнан инфекция анықталған, оның 562 384-і жазылып шықса, 12 580 науқас қайтыс болған.

Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, өткен тәулікте 1685 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 743 науқастың клиникалық белгілері жоқ. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 75153-ке жетті.

Айта кетейік, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус карантиндік шектеулердің коронавирустың таралуын толық тоқтата алмайтынын мәлімдеген еді.

Оның пікірінше, кей елдерде шектеу шараларын жеңілдетудің де маңызы бар. Соның арқасында кей мемлекеттер пандемияға байланысты құлдыраған экономикаларын қалпына келтіре отырып, бір уақытта вирустық инфекцияның таралуын тоқтата алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866088-lemde-15-millionnan-astam-adam-koronavirus-zktyrdy/