RU

Атырауда ұшақтан шыққан қара түтін желідегілерді алаңдатып қойды (видео)

Әлеуметтік желіде Атырау әуежайынан ұшып шыққан әуе кемесінің видеосы пайда болды. Кадрдан көкке көтерілген ұшақтан шығып жатқан қара түтінді байқауға болады. Бұл жайтқа қатытсы авиация мамандары пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: UGC

Видеоны Telegram каналына журналист Михаил Козачков жариялады. Кадрдан қаладан ұшып шыққан ұшақтан қара түтіннің шығып жатқанын көруге болады.

Бұған қатысты Атырау облысының коммуникация қызметі жергілікті әуежай өкіліне сілтеме жасап пікір білдірді.

Жергілікті әуежайдың авиациялық-инженерлік қызметінің басшысы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейін АН-12 жүк тасымалдайтын ұшағы әуежайдан ұшып шыққан.

Оның сөзінше, бұл жерде таңғаларлықтай ештеңе жоқ. Ұшу кезінде әдеттегідй қоспананың байытылуы орын алған. Нәтижесінде осындай қара түтін пайда болады. Кеңестік ұшақтарда бұндай әсер қалыпты саналады. Белгілі бір биіктікке көтерілгенен кейін қара түтін жоғалады.

Сондықтан алаңдауға негіз жоқ дейді Андрей Ким.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде қызыл түсті белгісіз затты шашып жүрген ұшақтың видеосы пайда болған еді.

Желідегілер әуе кемесінің еліміздің аумағынан ұшып өткенін айтып, бейнежазбаны қызу талқыға салған болатын. Алайда билік бұл ақпаратты жоққы шығарып, ұшақтың Қазақстанға қатысы жоғын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866160-atyrauda-saktan-sykkan-kara-ttin-videoga-tsip-kaldy-video/