RU

Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қашан басталмақ: ДДСҰ жауап берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру үрдісі қашан бастау алатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ute Grabowsky / Contributor / Getty Images
Фото: Ute Grabowsky / Contributor / Getty Images: Getty Images

ДДСҰ бас директорының бағдарламалар бойынша орынбасары Сумия Сваминатан әлем елдерінде жаппай вакциянация үрдісі 2021 жылдың ортасына қарай ғана басталуы мүмкін екенін жеткізді.

Deutche Welle басылымы Сваминатанның пікіріне сілтеме жасай отырып, қазіргі уақытта клиникалық жағдайларда жарамдығы бойынша сынақтан шамамен жиырма вакцина өтіп жатқанын хабарлады.

Науқастарға жасалған сынақтың алғашқы нәтижелері алдағы 2021 жылдың басында күтілуде. Содан кейін ғана вакциналардың жарамдылығы мен жарамсыздығына қатысты шешім шығаруға болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сынақтан өткен бірнеше вакцина коронавирус инфекциясын емдеуге жарамды болып, жаппай өндіріске шығады деп үміттеніп отыр.

Ұйым өкілі әр түрлі елдердегі өндіріс ерекшелігін ескере отырып, жаппай вакцинацияға қажет дәрі-дәрмектердің дайын болуы 2021 жылдың ортасына келіп түсетінін болжады.

Еске сала кетейік, бүгінгі күні әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 15 миллионға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866168-koronaviruska-karsy-zappaj-vakcinacia-kasan-bastalmak-dds-zauap-berdi/