RU

Коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққан тұрғын көз жасын тыя алмады (видео)

Әлеуметтік желіде коронавирус індетінен жазылып шығып, ауруханада алдында көз жасына ерік берген әйел адамның видеосы тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі sinegor.kz тобында жарияланған.

Кадрдан COVID-19 жазылып шыққан пациенттің қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады. Ол дәрігерлерді құшақтап, алғыс айтуда. 

Бұны көрген желі оқырмандары да ақ халаттыларға ризашылықтарын білдіруде.

"Әсерлі видео екен", "Қуаныштың көз жасы", "Дәрігерлерге рақмет", "Ерең еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын", "Барша ауырып жатқан қазақстандықтар тезірек жазылсын", "Күн демей, түн демей науқастардың өмірімен күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегі зор", "Барлығымыз аман болайық", "Видеоны көрген соң, көзіме еріксіз жас келді", - деп жазды пікір білдірушілер.

Автордың жазуынша, видео Ақмола облысындаға ауруханалардың бірінде түсірілген.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 75153-ке жеткен. Өткен тәулікте тағы 1685 адамнан COVID-19 анықталған.

Ал Ақмола облысындағы ахуалға келсек, өңірде коронавирус жұқтырған 2108 адам тіркелген. Олардың 1424-і жызылып шықса, 31 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866181-koronavirustan-zazylyp-auruhanadan-sykkan-trgyn-kz-zasyn-tya-almady-video/