Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ 25 шілдеден бастап табиғатқа зиян келтіргендерге айыппұл салмақ

Опубликовано:

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте қазақстандықтардың табиғатқа қалай зиян келтіріп жатқаны жайлы бүгін президентпен сөйлескенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде табиғатқа зиян келтіргендерге айыппұлдарды арттыруды тапсырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ІІМ 25 шілдеден бастап табиғатқа зиян келтіргендерге айыппұл салады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Министр Мағзұм Мырзағалиев мемлекет қоршаған ортаны ластайтын және оған зиян келтіретін ел тұрғындарына қарсы шара қолдануға ниетті екенін айтты.

Ол Ақтаудағы итбалықтарға қатысты жағдайды, Бурабайдағы қоқыс үйіндісі, Алматыдағы Ботаникалық бақтағы вандализмді, Қызыл кітапқа енген Алматыдағы лотос гүлінің жұлынуы, Көбейітұздағы тұздың қолды болуы және т.б. жағдайларды еске салды.

Экология министрлігінде бұл мәселені шешудің екі әдісі бар екенін атап өтті. Ол - балаларға экологиялық білім беру және ересектерге айыппұл салу жазасын қолдану.

Сондай-ақ, Мырзағалиев министрлік Ішкі істер министрлігімен бірге табиғатқа зиян келтіретіндермен күресетінін жеткізді.

Сенбі 25 шілдеден бастап полиция демалыс орындарына рейд жасап, халыққа айыппұл сала бастайды.

Сонымен бірге, елімізде алдағы уақытта айыппұлдар мөлшері артады.

"Бүгін мен түске дейін президентпен сөйлестім, мемлекет басшысы табиғатқа зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қатаңдатып, айыппұлдарды арттыруды қайта қарауды тапсырды", - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көбейтұз көліне көлікпен кірген жүргізуші жауапқа тартылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866211-iim-25-sildeden-bastap-tabigatka-zian-keltirgenderge-ajyppl-salmak/

pixel