RU

БЖЗҚ зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану ұсынысына қатысты пікір білдірді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға есепшоттағы ақшасының 10 пайызын пайдалануға рұқсат беруге қатысты өз ұстанымын жариялады. Бұл ұсынысты қор жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Евгений Сейпульник жасаған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ведомсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Евгений Сейпульниктің коронавирустық пандемия кезеңінде салымшылардың зейнетақы жинақтарын жеке қажеттіліктері үшін пайдалану мүмкіндігі туралы бастамасы оның жеке пікірі болып табылады. БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 2020 жылғы 17 шілдеде өткізілген кезекті отырысында бұл ұсыныс талқыланған жоқ", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстар азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік шығыстар және жалпы экономика үшін  қабылданатын шешімдердің ұзақ мерзімді салдарын ескере отырып есептеулер мен бағалау жасауды талап етеді.

"Евгений Сейпульниктің ұсынысы егжей-тегжейлі пысықтаусыз және негіздеме бола алатын есептеулерсіз ұсынылғандықтан, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің онлайн талқылауы барысында оның әлеуметтік желілерде айтылған позициясы қолдау таппады", - деп түсіндірді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған дағдарысқа байланысты қазақстандықтарға өз жинақтарының 10 пайызын алу ұсынысын БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Евгений Сейпульник көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866213-bzzk-zejnetaky-zinagyny-bir-bligin-pajdalanu-synysyna-katysty-pikir-bildirdi/