RU

Алматылықтар коронавирусты көбінесе қайда жұқтыруда

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн-брифинг барысында оңтүстік астаналықтардың коронавирусты қай жерде ең көп жұқтыратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бекшин бүгінгі күнге дейін Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 9635-ке жеткенін атап өтті.

Оның сөзінше, соңғы апталарда ауру көрсеткіші бір деңгейге тұрақтаған. Бұл күніне шамамен ауру белгісі бар және ауру белгісі жоқ 220 адам.

COVID-19 көбінесе 20-29 және 30-39 жас аралығындағы тұрғындар арасында тіркелуде.

Бекшин 56 пайыз, яғни 6408 адам коронавирусты жұмыс орнында жұқтырғанын мәлім етті.

20 пайызы үй ошағындағы науқастармен байланыс негізінде тіркелсе, ал 13 пайызының вирусты қай жерде жұқтырғаны белгісіз.

Бекшиннің сөзінше, коронавируспен ауырған және олармен байланысқа түскендер үшін зертханалық тексеру тегін.

Сонымен қатар ол жазылып шыққан және ауруханаға түскен науқастардың 60 пайызы қала маңындағы аудандардың және басқа өңірлердің тұрғындары екенін атап өтті.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 75153-ке жеткен. Өткен тәулікте тағы 1685 адамнан COVID-19 анықталған.

46790 адам аталмыш індеттен жазылып шықса, 610 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866223-almatylyktar-koronavirusty-kbinese-kajda-zktyruda/