RU

Алматыда пневмонияның көбеюіне не түрткі болған

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мегаполисте коронавирус инфекциясымен қатар пневмонияның да неліктен көбейе түскенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Надыровтың сөзінше, пневмония өсімі мен карантиндік шаралардың жеңілдетілуінің арасында байланыс бар.

"Біз пневмония жағдайларының көбеюі мен шектеу шараларын алып тастау арасындағы тікелей байланысты көріп отырмыз. Мамыр айының аяғынан бастап пневмония ауруының өсімін байқадық, ол кезде карантиндік шаралар жеңілдетіліп, бақылау-өткізу пункттері алынған еді. Бұл жерде өзара байланыстық бар. Пневмония өсімі жоғарылады. Тәулігіне 300-ге жуық адам аурухаға жатқызылды, ал қазір 3 есеге азайды, яғни тәулігіне 100-130 адам келіп түседі", - дейді Қамалжан Надыров.

Басқарма басшысы қала тұрғындарына аурудың алғашқы белгілері білінген кезде өздегінен емделмей, бірден дәрігерге қаралуға кеңес берді.

"Біздің тұрғындар пневмонияның алғашқы белгілері байқалған кезде дұрыс ем қабылдау керектігін түсінуі керек. Көбінесе пациенттер демікпе пайда болған кезде ауруханаларға түседі. Біз пациенттерден алғашқы белгілердің қашан пайда болғанын сұрағанда, 10-12 күн науқастың өзін-өзі емдегенін түсінеміз.
Мен азаматтарымызды алғашқы белгілер пайда болған кезде клиникалар мен байланыс орталықтарына хабарласуға шақырамын. Біз үшін тез арада дұрыс терапияны бастау өте маңызды. Себебі демікпемен түскен науқастың жағдайы орташа ауыр болып есептеледі, мұндай жағдайда болжамда жақсы бола бермейді", - дейді Надыров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алматылық дәрігер оңтүстік астанада балалардың жаппай пневмонияның ауыр түріне шалдығып жатқаны жайлы хабарға пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866233-almatyda-pnevmoniany-kbeuine-ne-trtki-bolgan/