RU

Ақтаудағы жағажайларда бес бақылау-өткізу пункті қойылды

Ақтауда карантин күшейтілді: коронавирус пандемиясымен күресу үшін мұнда өткізу пункттері қайта орнатылды. Олар тұрғындар арасында танымал жағалаудағы аудандарда орналасқан деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақтау әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ақтаудағы жағажайларда бес бақылау-өткізу пункті қойылды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Шектеу шараларын қатаңдату туралы қаулыға Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов қол қойды. Құжатта Ақтаудағы жағажайлар мен аквапарктердің 19 шілдеден бастап жабық тұрғаны айтылған.

Әкімдік қазірдің өзінде жағалау аймақтарында патрульдер күшейтілгенін хабарлады. Қалалық жағажайларда бес бақылау-өткізу пункті орнатылып, барлық жерде тыйым салу ленталары ілінген. Полиция бекеттері Ақтау қаласының 1 және 4 шағын аудандарында жағалау аумағында орналасқан.

Сонымен қатар, олар жылы жағажай аймағында, "Кафрон" мейрамханасы және құтқару қызметі станциясының жанында орнатылады. Мұнда тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілік етеді, олар қала тұрғындарының санитарлық режимді бұзбауын қадағалайды.

Айта кету керек, жағалау аймағында серуендеуге рұқсат етіледі. Бірақ мұны шектеу ленталары орнатылмаған жерде ғана жасауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алакөлде демалғысы келетіндерден коронавирустың жоқтығы туралы анықтама талап етілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866256-aktaudagy-zagazajlarda-bes-bakylau-tkizu-punkti-kojyldy/