RU

Бекшин Алматыдағы карантин режимін жеңілдету туралы пікір білдірді

Алматыдағы бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин бүгін онлайн-брифинг кезінде мегаполситегі карантиндік шаралар жеңілдей ме деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин Алматыдағы карантин режимін жеңілдету туралы пікір білдірді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Бекшин айтуынша, осы жылдың 2 тамызына дейін әрекет ететін локдаун аяқталғанға дейін ешқандай жеңілдетулердің болмайтынын айтты. Сондай-ақ, локдаунның нәтижесіне қарап, болашақта қалай әрекет етуге болатындығы анықталады деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866265-beksin-almatydagy-karantin-rezimin-zeildetu-turaly-pikir-bildirdi/