RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 77 мыңға жуықтады

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1646 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 76 799-ға жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 778 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 236 / 166

Алматы қаласы - 216 / 103

Шымкент қаласы - 36 / 20

Ақмола облысы - 53 / 29

Ақтөбе облысы - 39 / 17

Алматы облысы - 69 / 32

Атырау облысы - 138 / 97

Шығыс Қазақстан облысы - 210 / 91

Жамбыл облысы - 48 / 23

Батыс Қазақстан облысы - 99 / 55

Қарағанды ​​облысы - 140 / 53

Қостанай облысы - 52 / 25

Қызылорда облысы - 77 / 12

Маңғыстау облысы - 47 / 15

Павлодар облысы - 68 / 18

Солтүстік Қазақстан облысы - 99 / 7

Түркістан облысы - 19 / 15

Еске сала кетейік, 1 тамыздан бастап, елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды.

Жыл басынан бері яғни 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында елде 3 327 адам пневмониядан қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866302-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-77-myga-zuyktady/