RU

"Тіл білмейді": 13 жастағы алматылық бала Грузияда жоғалып кетті (фото)

Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпани жоғалып кетті. Ол 18 шілде күні велосипед пен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Илья Пилпани. Фото: Sputnik Грузия/courtesy of Ksenia Pilpan
Илья Пилпани. Фото: Sputnik Грузия/courtesy of Ksenia Pilpan: Depositphotos

Sputnik Грузия мәліметінше, 19 шілдеде полицияға оның жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Баланы куәгерлердің соңғы рет Ленджери ауылында көргендігі айтылды.

50-ге тарта құтқарушылар аймақты аралап, айналасын тікұшақпен тексеріп жатыр.

Жергілікті тұрғындар алматылықты іздеуге қол ұшын беруде.

13 жастағы Илья Пилпани қыста Алматыдан әкесінің туыстарына демалысқа барған, алайда коронавирус індетіне байланысты Қазақстанға қайта оралмаған.

Оның анасы Ксения Пилпани ұлының ешкіммен сөйлеспегеніне сенімдімін деп отыр. Себебі, әйелдің сөзінше, алматылық грузин тілін білмейді екен.

Ол Ильяның велосипедпен серуендеуді жақсы көретінін, сондықтан Грузияда да оған велосипед сатып алғанын жеткізді.

"Ол 13 жаста, осы кезеңде жасөспірімдерде өтпелі жас болады, Ильяда да  қиындықтармен басталды. Біз оның наразылық білдіргенін жоққа шығармаймыз, оның жағдайы жақсы және ол бір жерде жасырынып жүр деп үміттенеміз", - деді 13 жастағы Ильяның анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866317-til-bilmejdi-13-zastagy-almatylyk-bala-gruziada-zogalyp-ketti-foto/