Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"16 күндей емделдім": Гүлмира Дайрабаева ауруды қалай жеңіп шыққанын айтты

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева қатты ауырғанын хабарлап, басынан өткен ауыр кезеңді есіне алды. Ақпарат өкілінің қызуы бірнеше күн бойы түспей, денесін тер басқан. Оған қоса, ол көптеген отандастары секілді дәм мен иіс сезбей қалды. Телевизия маманы 16 күн бойы ем қабылдап қана сырқатынан айыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulmira_dairabaeva.
Фото: Instagram/gulmira_dairabaeva.: Instagram

Гүлмира Дайрабаева өзінің қалай ауырғаны жайлы бар шындықты Instagram желісінде жария еткен. Белгілі тележүргізуші сырқатымен күресте қандай ем қабылдағаны мен қандай дәрі-дәрмектерді ішкенін айтып берді. Ол бұл ақпарат біреуге пайдалы болар деген ниет білдірді.

"Ауырып 16 күндей емделдім : температура үш күн түспей тұрды, бас қатты ауырды, қаратер, дірдектеп тоңып, дәм және иіс сезбеу. Осының бәрі менімен болған симптомдар. Бастысы берілмеу керек: аспирин мен аналгин бірге, парацетамол, тамақтан сорпа және күріш қайнатып оған айран қосып қабылдадым. Барлықтарыңыздың тілек- ниеттеріңіз үшін мың алғыс. Сіздерге екі есе болып қайтсын , жақсылығымен жалғассын. Пайдасы болсын деген тілекпен жазып отырмын" , - деп жазды Дайрабаева.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы да өзінің ауырып қалғанын хабарлап, емдеу тәсілдерімен бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866367-16-kndej-emdeldim-glmira-dajrabaeva-aurudy-kalaj-zeip-sykkanyn-ajtty/

pixel